Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке-шешемнің еңбегі": Павлодарлық спортшы қыз "Қазақстан аруы" байқауында қазыларды таңырқатты

Опубликовано:

Данагүл Қарабай
Данагүл Қарабай: жеке мұрағат

«Қазақстан аруы-2021» байқауында «Вице-ару» және «Спорт аруы» атағын жеңіп алған павлодарлық Данагүл Қарабай сайыстың эмоционалды тұрғыдан өте ауыр өткенін мәлімдеді. Биыл еліміздегі сұлулық байқауында жеңіске жету үшін 28 бойжеткен үміткер болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шынымды айтсам, жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын. Біздің қаламыздан да үлкен мегаполистерден қатысушылар келді. Сондықтан, көп дауыс жинайтыныма сенбеген едім. Бірақ осы атаққа ие болғаным үшін қуаныштымын. Барлық туыстарым қуанып, телефон шалды», - дейді ол.

Данагүл сегіз жасынан бері спортпен шұғылданады. Оның судағы қорқынышын жеңдіру үшін әпкесі жүзу спортына алып келген. Ол мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне түседі. Сондай-ақ, Данагүл тоғызқұмалақ пен өзге де зияткерлік ойындарды және үстел теннисін жақсы көреді. Шаңғы спортымен де айналысады.

«Үйдегі үш қыздың ең кенжесімін. Қазіргі таңда облыстық спорт және туризм басқармасында жұмыс істеймін. Бала кезімде ата-анамды ұятқа қалдырмайтын тұлға болуды армандадым. Осы арманыма жеттім деп ойлаймын. Өйткені, бұл жеңіс ең бірінші кезекте ата-анамның еңбегі. Олар мені шынайы сүйіспеншілікте өсіріп, тұлға ретінде дамуыма да көңіл бөлді», - дейді ол.

Данагүл елдегі балалардың болашағы жарқын және әлемде тыныштық болғанын қалайды. Айта кетейік, "Қазақстан аруы" байқауының жеңімпаздарының есімдері кеше кешке белгілі болды. Байқау тарихында алғаш рет тәжді бірден үш қыз алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942682-ake-sesemnin-enbegi-pavlodarlyq-sportsy-qyz-qazaqstan-aruy-baiqauynda-qazylardy-tanyrqatty/

pixel