jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Тәуелсіздік жылдарындағы білім жүйесі туралы кітап жарық көрді

Сыр бойы
Фото: syrboyi.kz

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітаптың авторы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Алма Әбілқасымова. Оның айтуынша, кітапта еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылда Білім жүйесі қалай дамып, жаңғырғаны баяндалады.

«Кітапты жазуға қалам алу себебім осы 30 жылдың ішінде елімізде білім жүйесінің соншалықты дамығаны, білім жүйесіне мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп, қомақты жұмыстар жасалғаны арқау болды. Сондықтан 30 жылда білім жүйесінде жасалған жұмыстың барлығы кітапта жазылды. Мемлекет, Елбасы тарапынан қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, Білім және ғылымды дамыту деген мемлекеттік бағдарламалар, Тәуелсіздік алған кездегі қиыншылықтар. Сондай-ақ 1992 жылы қабылданған Білім заңы, осы заңның аясында талай іске асқан шаруалар, оқулық жасау тарапынан қабылданған мемлекеттік құжаттар барлығы қамтылды», – дейді Алма Әбілқасымова.

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов автор Тәуелсіздік жылдары білім саласында еңбек етіп, сол тұстағы жағдаймен етене таныс екенін тілге тиек етті.

«Кітаптың авторы осы 30 жылдық тарихты жасаған адамның бірі. Қазір ел Тәуелсіздігінің бірінші күнінен бастап барлық салада көптеген қателік кетті деген пікірлер айтылып жүр. Автор сол кездегі жағдайды нақты дәлелмен келтіріп жазған. Өйткені өзі сол үдерістің ішінде болып, жүріп өткен тарихты баяндаған. Бұл жан-жақты зерттелген, толық қамтылған алғашқы еңбек. Сонысымен қазіргі көптеген сұраққа жауап беріп отыр», – дейді Рахман Алшанов.
Тәуелсіздік жылдарындағы білім жүйесі туралы кітап жарық көрді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.