Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылыту үшін пешке жақындатып қойған": ТЖ министрі Шортандыдағы жарылысқа не себеп болуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Тжд
Оқиға орны. Видеодан кадр: Ақмола облысы ТЖД

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысы Шортанды ауылында үш адамның өмірін жалмаған жарылысқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, өрт сөндірушілер қайғылы жайт болмай тұрып дәл сол үйге барып, газ құрылғысын пайдалану жөнінде кеңес берген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

16 қарашада Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш пәтерлі баспана отқа оранған болатын. Оқыс оқиғадан 3 адам көз жұмып, 10 адам түрлі дене жарақатын алды.

Қазір "Өрт қауіпсіздігін сақтамау" бабымен қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Себебі, жарылыстан бір апта бұрын ғана осы пәтерге төтенше жағдай қызметкерлері келіп, өрт қауіпсіздігі туралы ескертпе жасаған екен.

"8 қараша күні дәл осы жарылыс болған пәтерде біздің төтенше жағдайлар қызметкерлері болған. Газ құрылғысын пайдалану жөнінде кеңес беріп, жадынама қалдырған. Дабыл қағатын қондырғы да орнатқан. Олар толтырылған газ баллонын суықтан ішке кіргізіп, жылыту үшін пешке жақындатып қойған. Апаттың негізгі себебі осы болуы мүмкін. Ал газ баллонын қай жерде толтырды, оны тергеу анықтайды", - дейді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942917-zylytu-usin-peske-zaqyndatyp-qoigan-tz-ministri-sortandydagy-zarylysqa-ne-sebep-boluy-mumkin-ekenin-aitty/

pixel