jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

"Күніне 3 сағаттай уақытымды жұмсаймын": Петропавлдық әжей күтпеген жерден желі жұлдызына айналды

Валентина Золотарева
Валентина Золотарева. Видеодан кадр: "Хабар 24" арнасы

Петропавл тұрғыны ойламаған жерден әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. 73 жастағы Валентина Золотарева Tik Tok желісіне түрлі бейнероликтар жариялап, әп-сәтте танымал болды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Валентина Золотареваның қазір 127 мың оқырманы бар. Күніне оған мыңдаған адам тіркеледі. Зейнеткер көбіне интернетте қыз-келіншектерге түрлі кеңестерін айтады.

Tik Tok қолданушыларын таңғалдыру оңай емес. Дегенмен әжейдің жариялаған видеолары пайдалы болғандықтап көптің көңілінен шыққан. Яғни, роликтері аз ғана уақытта мыңдаған лайк жинайды.

"Алғашында күлкілі видеолар түсірген едім. Бірақ ол жұртқа ұнамады. Ойлана келе деніміз сау, сұлу болу үшін халық рецептері жайлы роликтер түсіріп, жариялай бастадым. Осылайша контентімді қалыптастырдым. Қазір шамамен күніне 3 сағаттай уақытымды интернетке жұмсаймын. Пайдалы кеңестеріме ризашылығын білдіріп жатқандар өте көп", – дейді Валентина Золотарева.

Қазірдің өзінде Валентина әжей Tik Tok-та екі мыңнан астам видео жариялаған. Бастысы бұл ермегі өзіне ұнайды. Болашақта зейнеткерлер жайлы түрлі роликтер түсірмек жоспары да бар.

"Күніне 3 сағаттай уақытымды жұмсаймын": Петропавлдық әжей күтпеген жерден желі жұлдызына айналды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.