Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы денеме жабыса береді": Ерекше қасиетке ие Петропавл тұрғыны жайлы не білеміз

Опубликовано:

Галина Малошенко
Галина Малошенко. Фото: azattyq-ruhy.kz

Петропавлда ерекше әйел тұрады. 68 жастағы Галина Малошенконың денесіне қасық, шанышқы, ожау секілді асхана аспаптарымен қатар ұялы телефон, қашықтан басқару құралы сынды заттар жабысып қалады. Зейнкеткерді танитындар оны "магнит әйел" деп атап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Галина Малошенко бойындағы ерекше қабілетін осыдан 6 жыл бұрын байқаған. Айтуынша, дастархан басында отырғанда ыдыстағы қасық қолына жабысып қалған.

Содан бері денесінде магнит орналасқандай, құрамында металл бар кез келген затты жақындатсаң болғаны, өзіне тартып алады екен.

"Алюминий тостаған, қақпақтардың барлығы денеме жабыса береді. Дәрігерлер бойымда биоэнергия басым деген болжам айтты. Нақты себебін анықтау үшін Алматы қаласына зерттеу институтына баруды ұсынды. Мен бас тарттым. Алысқа жол жүретін жаста емеспін. Әрі ерекше қасиетім өзіме ешқандай кедергі келтірген емес", - дейді Галина Молошенко.

Дәрігерлердің сөзін іс жүзінде тексеріп көрмек болып, зейнеткер ауырып жүрген жолдасының беліне екі үш мәрте массаж жасап көріпті. Кейін ол құлан-таза айығып кеткен.

"Жолдасымның белі үнемі ауыратын. Қазір, көргендеріңіздей, толықтай жазылып шықты. Таныстарымды да емдеп көрдім. Нәтиже бар. Дегенмен, кейін көп энергиям жұмсалатын болғандықтан бұл істі доғардым", - дейді ол. 

Галина Малошенконы айналасындағылар оны тек "магнит адам" ретінде емес, он саусағынан өнер тамған талантты жан ретінде де жақсы таниды. Зейнеткер бос уақытында жастық, көрпешелер тігеді.

Сонымен катар, пласстик бөтелекелерден неше түрлі бұйымдар да жасайды. Зейнеткер өзі жасаған бұйымдарымен үйі мен бақшасын безендіреді.

Фото
Фото: azattyq-ruhy.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943445-barlygy-deneme-zabysa-beredi-erekse-qasietke-ie-petropavl-turgyny-zaily-ne-bilemiz/

pixel