Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, көктайғақ, жел: Синоптиктер еліміздің 9 өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 25 қарашада күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, таулы аудандарда 23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыста желдің күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болып, облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Одан бөлек, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Күндіз 25 қарашада Батыс Қазақстан облысында солтүстіктен жел соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Ал 25 қарашада Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кейін солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

25 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде де көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

Түнде 25 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

25 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943782-burqasyn-koktaigaq-zel-sinoptikter-elimizdin-9-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel