Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына қатысты сот басталды

Опубликовано:

Сүлен Ілиясов
Сүлен Ілиясов . Фото: aqmolanews.kz

Көкшетау қалалық сотында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов, "Авиценна" клиникасының директоры Жанар Молдантаева және Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қасымжан Ташметовке қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот отырысы басталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов пен "Авиценна" клиникасының директоры Жанар Молдантаева 2021 жылдың сәуір айында ұсталған еді.

Сүлен Ілиясов бұл қызметте тура бір жыл отырды. Ал Жанар Молдантаева клиникадан бөлек, фармацевтикалық тауарларды сатумен және ӨЖЖ аппаратын жеткізумен айналысатын "Медлайн" ЖШС-ны басқарған.

Сүлен Ілияслов жарты жылдай уақыт изоляторда отырды. Кейін Жанар Молдантаева секілді үйқамауына алынды. Ал үшінші сыбайлас кепілақымен босатылған болатын.

Үшеуіне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша (Бөтеннің аса ірі мөлшерде сеніп тапсырған мұлкін иемдену немесе ысырап ету) айып тағылған.

Бүгінде ӨЖЖ мен көпфункционалды медициналық төсек-орындарды жоғары бағамен сатып алуға байланысты іс сотта қаралуда. Атап айтқанда, егер төсек-орын 1 млн теңге тұрса, олар оны бірнеше миллионға сатып алған.

Денсаулық сақтау басқармасы ӨЖЖ аппараттарын да "Авиценнадан" сатып алған, оның да бағасы бірнеше есе қымбат болған.

Алдын ала есеп бойынша, 200 млн теңгеден астам шығын келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944094-aqmola-oblysy-densaulyq-saqtau-basqarmasynyn-eks-bassysyna-qatysty-sot-bastaldy/

pixel