jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

Пойыз
Көрнекі фото: Stopfake.kz

Бірқатар қазақстандық жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы 2021 жылғы 12 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап пойыздар қозғалысының 2021-2022 жылдарға арналған нормативтік графигінің енгізілуіне байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысы бойынша өзгерістер енгізілгенін хабарлайды" делінген хабарламада.

Жүру бағыттары ұзартылатындар:

  • №37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» «Семей – «Маңғыстау-Семей» станциясына дейін;
  • №45/46 (№673/674 орнына) «Павлодар – Нұр-Сұлтан 1» Шымкент – «Павлодар-Шымкент» станциясына дейін;
  • № 613/614 «Орал – Ақтөбе» Құлсары «Орал – Құлсары» станциясына дейін.

 Жүру бағыты қысқартылатындар:

  • №85/86 «Нұр-Сұлтан 1 – Сарыағаш» Шымкент – «Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент»  станциясына дейін.

№86/85 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент» пойызының маршрут кестесінде 27 станцияда тұрақтар оңтайландырылды, бұл құрамның жүру уақытын 3 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді (24 сағаттың орнына 21 сағат). Оңтайландырылған станциялар бойынша жолаушыларды отырғызу/түсіру №45/46 «Павлодар-Шымкент» балама пойызының маршрутында қарастырылған.

Жүру жиілігі өзгеретіндер:

1) № 45/46 (673/674 орнына) «Павлодар – Шымкент» күн сайыннан күнараға;

2) № 353/354 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Семей» күн сайыннан күнараға;

3) № 613/614 «Орал – Құлсары» аптасына үш реттен күнараға;

4) № 51/52 «Алматы-2 – Орал» күнарадан күн сайынға.

 Кестесі өзгергендер:

№77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» Маңғыстау станциясынан жөнелту уақыты 22.05-тің (астана уақыты бойынша) орнына 09.05 болып.

 Жаңа бағыт енгізілетіндер:

№111/112 «Алматы-2-Маңғыстау», Тальго вагондарымен қалыптастырылған, күнара қатынайды.

Жылжымалы құрам жаңартылғандар:

1) №603/604 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Арқалық» Тальго вагондарымен;

2) № 613/614 «Орал-Құлсары» ҚХР вагондарымен, ауа баптау жүйесімен;

 Пойыздардың нөмірленуі өзгергендер:

  • №373/374 «Алматы-2 – Жезқазған» мына № 73/74;
  • №321/322 «Алматы-2-Сарыағаш» мына № 88/87;
  • №339/340 «Павлодар-Пресногорьковская» мына № 139/140;
  • №673/674 «Павлодар-Шымкент» мына № 45/46 болып.

Бағыт алынып тасталғандар:

1) №19/20 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы Жол-Атырау»;

2) №71/72 «Алматы-2-Түркістан»;

3) №95/96 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы Жол-Орал»;

4) № 701/702 «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол»

Маршруттарды оңтайландыруға байланысты бір реттік пойыздар белгілі бір күндерде бір бағытта:

  • №702 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол-Алматы 2» Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 11 желтоқсан сағат 09-40 жөнелтіліп, Алматы-2-ге 11 желтоқсан сағат 23-45 келуімен;
  • №702 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Алматы 2»  Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 18-25-те жөнелтіліп, Алматыға-2-ге  13-ші желтоқсан күнгі сағат 09-00-де келуімен;
  •  №85 «Сарыағаш-Нұр-Сұлтан-1» Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 16-47-де жөнелтіліп, Нұр-Сұлтанға 1-ге 13 желтоқсанда сағат 22-35-те келуімен;
  • №674 «Нұр-Сұлтан 1-Павлодар» Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 12 желтоқсанда сағат 23-59-да жөнелтіліп, Павлодарға 13 желтоқсанда сағат 08-55-те келуімен;
  • №37 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Маңғыстау»  Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 19-00-де жөнелтіліп, Маңғыстауға 14 желтоқсан күнгі сағат 17-25-те келуімен;
  • №87 (321) «Сарыағаш-Алматы-2» Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 18-38-де жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 13-54-те келуімен;
  • №31 «Павлодар-Алматы-2» Павлодар станциясынан 12 желтоқсанда 19-35-те жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 21-16-да келуімен іске қосылады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz.сайтынан алуға болады.

Қазақстанда бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.