Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тіл жанашыры Сәдуақас Аңсат «Парасат» орденімен марапатталды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

26 қарашада Түркістан қаласында өткен "Халықаралық "Қазақтілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің VI Құрылтайында мемлекеттік тілдің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін қоғамдық бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы, «Тіл жанашыры» белгісінің иегері Сәдуақас Аңсат Президент Жарлығымен бекітілген "Парасат" орденімен марапатталды.

Алқалы жиында орденді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстады.

Бүгін барша сырбойылықтардың атынан қоғам жанашыры Сәдуақас Әбдіқадырұлына облыс әкімінің Алғысы табысталды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақ етуге табанды еңбек етіп, ана тілдің беделін көтеруде байыпты бастамалар жасап жүрген азаматқа облыс әкімінің құттықтау хатын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова жеткізіп, құрмет көрсетті.

Сәдуақас Аңсат 1945 жылдың 12 қаңтарында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде дүниеге келген. Сол кенттегі №26 қазақ-орта мектебін 1962 жылы бітіріп, Шымкент қаласындағы қазақ химия-технологиялық институтына түсіп, 1967 жылы «құрылыс-технологі инженері» мамандығын үздік дипломмен аяқтайды.

Еңбек жолын Шымкенттегі темір-бетон зауыттарында бетоншы, арматуршы болып бастаған. Мемлекеттік қызметте, қоғамдық бірлестіктерде жауапты лауазымды қызмет атқарып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан.

Қызылорда қаласында қызмет атқарған жылдары бірнеше мәрте облыстық партия комитеті мүшелігіне кандидат, қалалық кеңестің депутаты болып сайланған.

­Сәдуақас ­Әбдіқадырұлы «КСРО Еңбек ардагері», «Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халық Ассамблеясына 10, 20 жыл», «Ұлы Октябрь Революциясына 100 жыл», «Халықаралық «Қазақтілі» қоғамының «Ана тілі» айрықша белгісі», Республикалық «Тіл жанашыры» құрмет белгісі, «Қызылорда қаласына 190 жыл», «Қармақшы ауданына 80 жыл», «Қызылорда облысына 70 жыл», «Комсомолға 100 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Сондай-ақ Қызылорда облыс әкімі мен мәслихатының Құрмет грамотасымен, «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамының ҚР көші-қон және демография агенттігінің құрмет грамоталарымен, ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына, Қазақстан Үкімет басшысының Алғыс хатының иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944507-til-zanasyry-saduaqas-ansat-parasat-ordenimen-marapattaldy/

pixel