Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Газ баллоны неге жарылады: Құтқарушылар негізгі себептерін атады

Опубликовано:

Өрт
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департамент

Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте газ баллондары не себепті жарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, талдаудың нәтижесінде бірнеше проблема анықталған.

Елімізде ескі және мерзімі өтіп кеткен баллондар көп. Соның барлығы тіркелмеген, дейді министрдің орынбасаоы.

Тұтынушылардың көбісі сонау кеңес заманынан қалған баллондарды пайдаланып, жақын тұрған автогаз станцияларында толтырып отырады.

"Бірақ заң бойынша ондай жерде газ толтыруға болмайды", - деді Пішембаев.

Оның айтуынша, газ баллондарын арнайы компанияларда толтыру қажет. Себебі ол жерде қауіпсіздік шаралары сақталады. Мәселен, баллонға газдың 80 пайызын ғана құю қажет. Газ таратушы компаниядан алу соны өлшеп тұруға мүмкіндік бар. Бір баллонды пайдалану мерзімі 30 жылдан аспауға тиіс. Бұдан бөлек, газ таратушы компаниялар бес жыл сайын баллондарды тексеріп отыруы қажет. Бірақ осы талаптар орындалмайды. Себебі халыққа газ сататын компаниялар қауіпсіздіктен бұрын пайданы ойлап тұрады. Олар қауіпті баллондар болса, жаңасына ауыстыруы шарт. Бірақ кәсіпкерлер ондай шығынды өз мойнына алғысы келмейді.

"Газ баллондарын пайдаланатын адамдардың көбісі ауылда тұрады. Олардың тұрмыстық жағдайы да мәз емес", - деп атап көрсетті Пішембаев.

Осы орайда вице-министр тағы бір маңызды мәселені атап өтті. Бүгінде әкімдікке қарасты газ инспекциялары да өз міндеттерін дұрыс атқармайды. Соның салдарынан газ баллондары жарылып, адамдар қайтыс болады.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл республика бойынша әлеуметтік нысандарда 55 рет газ-ауа қоспасы жарылған. Соның ішінде газ баллонының жарылуы (16), газ-ауа қоспасының тарсылы (30) және газбен улану (6) жағдайлары бар. 86 адам жарақат алып, 21 адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944521-gaz-ballony-nege-zarylady-qutqarusylar-negizgi-sebepterin-atady/

pixel