Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшаны игеру үшін осылай жасайды": Семейде аязда асфальт төсегендер ел ашуын келтірді (видео)

Опубликовано:

Асфальт
Видеодан кадр: instagram.com/taldykorganec.insta

Семейдің жаңа ауданында жұмысшылар қардың үстіне асфальт төседі. Қала тұрғындары "мұндай жаңашылдыққа" наразы болып, коммуналдық сала қызметкерлерін немқұрайлылық танытты, ал жергілікті билікті бюджет қаражатын тиімсіз жұмсады деп айыптады.

"Бірінші Еуразия арнасының хабарлауынша, Қарағайлы ауданында қарға жаңа асфальт төселді. Жұмысшылардың әрекетін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алыпты. Оларды бюджет қаражатына деген мұндай көзқарас ашуландырған.

"Бөлінген ақшаны игеру керек, міне, жыл да соңына таяп келеді, ақшаны игеру керек болған соң, осылай істеп жатыр. Мұндай аязда асфальт төсеу пайдасыз, өйткені көктемде барлығы қармен бірге еріп кетеді", – деп ашуланды қала тұрғыны Марат.

"Қыста кез келген жер қазу жұмысы жалпы мағынасыз іс, мен солай ойлаймын. Қазір саябақта электр сымдарын да жүргізіп жатыр, кенет қыстың ортасында орнатуды шешкен", – деп бөлісті Семей қаласының тұрғыны Нина.

Семей қаласының әкімдігі жол жұмыстарының неліктен қыста басталғанын түсіндіре алмады, бірақ олар: ешқандай заңбұзушылық жоқ, барлығы қатаң технология бойынша жүргізіліп жатыр деп сендірді. Ал температуралық режимді сол жерде техникалық мамандар қадағалайды екен.

"Мердігерге қатысты сын айтылды, бірақ мұнда стандарттарға, сондай-ақ шарттарға сүйене отырып, асфальтбетон қоспасын төсеу әдісі, одан кейін минус 10 температураға дейін төсеуге рұқсат етілген. 2019 жылдың басынан бері 3 миллиард теңгеге жуық сомаға үш жылдық келісім-шарт жасалып, Қарағайланы абаттандыру жұмыстары жүргізілді", – дейді Семей қаласының жолаушылар көлігі бөлімінің автомобиль жолдары секторы бас маманы Жасар Түсіпов.

Жаңа ауданда абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944563-aqsany-igeru-usin-osylai-zasaidy-semeide-ayazda-asfalt-tosegender-el-asuyn-keltirdi-video/

pixel