Сбербанк елордамыздың кішкентай тұрғындарына инклюзивтік алаң тарту етті

Опубликовано:

Алаң
Фото: Сбербанк

Банк ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына және өзінің мерейтойына арнап ерекше жобаны жүзеге асырды.

Тұңғыш президент күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақта қажеттіліктері ерекше балаларға арналған жаңа инклюзивтік алаң пайда болды. Сбербанк қалаға мұндай өзгеше сыйлықты Есіл ауданы әкімдігімен және «Сәби» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып жасады.

Даладағы әдеттегі ойын алаңдарының «ерекше» балалар үшін қауіпті тұстары да бар, сондықтан ата-аналардың олардың өз қатарластарымен тең ойнап-дамуына шектеу қоятын кездері де болады. Ал дамуы ерекше балалар өздеріне сенімді болу үшін және өз мүмкіндіктеріне сеніммен қарау үшін олардың қоғамға бала кезінен бейімделуі маңызды. Сондықтан мұндай арнайы алаңдарды көп мөлшерде салып, қолданысқа беру мәселесі туындады.

Жаңа инклюзивтік алаң елордадағы мұндай алаңдардың ең ірісі. Оның аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Ол жерде ойнауға және оқуға арналған әртүрлі құралдар бар. Құрылымдардың барлығы ол жерге арбамен көтерілуге болатындай жасалған. Арнайы эргономика қозғалысы аз балаларға кедергісіз және қауіпсіз қозғалуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалар құлап қалған жағдайда, еш жерін жарақаттап алмас үшін алаңға жұмсақ, қауіпсіз төсемелер төселген. Сондай-ақ алаң аумағында астанамыздың кішкентай тұрғындарына және қонақтарына арналып амфитеатр салынды, ол жерде түрлі ойын-сауық шаралары өткізілетін болады, бұл мәдени дамуға өз ықпалын тигізеді.

Алаң
Фото: Сбербанк
«Қазақстанның болашағы жастарға, олардың салауатты өмір салтына, сапалы білімі мен мәдениетіне байланысты. Біздің міндетіміз – ел үшін маңызды болып табылатын мақсаттарды бір арнаға біріктіру. Біз мұндай жобаларға қолдау көрсеткенімізге қуаныштымыз, себебі олардың әрқайсысы қоғамға ұзақ мерзім бойы оң ықпал ететіні сөзсіз және тең әрі әділ қоғамға жету үшін жасалған бір қадам» - деді Сбербанк Казақстанның басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.

Құрылыс жұмыстары туралы күз басталғанда хабарланған болатын және бұл – Сбербанктің өзінің әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, корпоративтік басқару және тұрақты даму саясатының (ESG) аясында іске асырған жобаларының бірі.

Бүгінде Сбер шамамен 30 ірі ESG бастамаларды жүзеге асыруда, оның ішінде балалар ұйымдарын қолдау және шегарасыз ортаны дамыту жобалары да бар. Банк балалар инклюзивтік алаңының құрылысын Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және өзінің мерейтойына арнайды, қараша айында Сбер Тобына 180 жыл, ал Қазақстандағы Сбербанкке 15 жыл толды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944686-sberbank-elordamyzdyn-kiskentai-turgyndaryna-inklyuzivtik-alan-tartu-etti/