Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсан айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pxhere.com

Отандық синоптиктер желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың дерегінше, желтоқсан айында ауа температурасы еліміздің оңтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтіліп отыр. Ал Қазақстанның солтүстік жартысы мен батысында нормадан 1 градус жоғары.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болып болжанады.

"Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын анықтайтын болады, алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның қалған аумағына ықпалын тигізеді, жауын – шашын күтіледі, көбінесе қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады.

Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұрақсыз ауа-райы желдің күшеюі 15-23 м/с, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады" делінген хабарламада.

Синоптиктер желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігіндегі тұрғындарды жылы ауа райы қуантатынын жеткізді.

  • Солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды;
  • Республиканың оңтүстігінде түнде -2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін.
  • Батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр:

батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін;

солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін;

оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін;

Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-қа дейін,күндіз 0,-5°С-қа дейін;

Синоптиктердің мәліметінше, бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массаларының кезекті шығарылуымен аяздардың әлсіреуі болжанады.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындарының қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы күтеді. Күндізгі ауа температурасы +10°С-қа дейін болжанып отыр.

Мамандар айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде жиі қарлы боран мен желдің күшеюі еліміздің солтүстік жартысында және тау бөктерінде күтілетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944760-zeltoqsan-aiynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel