Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды

Опубликовано:

Шырша
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

ОКҚ өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгіновке Жаңа жыл шыршасы қашан қойылады деген сауал қойылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қала әкімі Тәуелсіздік мерекесі тойланып бітпейінше Жаңа жылмен байланысты шаралар өтпейтінін айтты.

"Жаңа жыл шыршасына қатысты айтсақ, біз Жаңа жыл мерекесіне арналған шараларды Тәуелсіздік күні өткеннен кейін бастауды жоспарлап отырмыз. Яғни, 16 желтоқсаннан кейін басталады. Қазір әкімдік тарапынан дайындық жүріп жатыр", -деді әкім.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда биыл жаңа жыл мерекесін тойлауға 80 млн теңгеден астам қаражат жұмсалатынын жазған едік. Бұл қаржыға қаланы түрлі диодты шамдармен әрлеп, шыршаны безендіру қарастырылған.

"Павлодарды жаңа жыл қарсаңында жарық диоды шамдармен безендіруге 58 млн 240 мың теңге бөлінді. Бұған қаладағы саябақтар, скверлер, орталық жағалау алаңы, көшелер мен ғимараттардың қасбеті жарықтандырылатын болады. Бұдан бөлек, 3 шыршаны әсемдеуге 16 млн 600 мың теңге бөлінді", - деді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945184-nur-sultanda-zana-zyl-syrsasy-16-zeltoqsannan-keiin-qoiylady/

pixel