Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандарға автобуста жүру 50 пайызға жеңілдеді

Опубликовано:

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров жұма күні қала тұрғындарын ерекше жаңалықпен қуантты. Бүгіннен бастап өңірде зейнеткерлер мен ІІ және ІІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық көлікте 50 пайыз жеңілдікпен жүре алады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеңілдік қарастырылған жеті санатқа кіретін тұрғындар автобус картасын пайдаланса, жол жүру құны 40 теңгені құрайды. Мұндай өзгерістің қалай жүзеге асқанын әкімнің өзі түсіндіріп берді.

"Биыл облыс әкімі жол картасын бекітті. Соған орай жұмыс атқарылды. Ең бастысы тозығы жеткен автопарктерді жаңартуға талап қойып отырмыз. Ол жұмыс биыл басталды. Қыркүйекте қалалық мәслихат шешімімен субсидия төлеу басталды. Алдағы сессияда үш жылға қосымша субсидия төлеу мәселесі қарастырылады. Онда әлеуметтік маңызы бар 29 маршрут бекітіледі.

7 санат бойынша субсидиялау көзделген. Соның ішінде зейнеткерлер бүгіннен бастап енгізілді. ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілгендер, І топтағы мүгедектігі бар жандар тегін жүреді. Өзге санаттағыларға 50 пайыз жеңілдік бар. Бұрын 60 теңге болса, енді 40 теңге",- деді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.

Әкімнің айтуынша, аймақта субсидиялау соңғы рет 2016 жылы болған. Осы уақыт аралығында автопарктердің тозығы жетіп тұрғанын, қазір қалаға жаңа автобустар келіп жатқанын жеткізді.

Әкімдік қоғамдық көлік қызметін ұйымдастырушыларға талап қойған.

"Арақашықтықты сақтау, автобусты жаңарту талаптары бар. Жоғары деңгейде жағдай жасалуы керек. Бүгін таңғы сағат 6-да барып қоғамдық көліктің жүруін тексердік. №2, 51, 52 автобустары қаралды. Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабына қосымша автобус шығару керек. №18, 28 автобустар қайта шығуы тиіс",- деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945188-aqtobede-zeinetkerler-men-mugedektigi-bar-zandarga-avtobusta-zuru-50-paiyzga-zenildedi/

pixel