Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рекордтық көрсеткіш": Соңғы үш күнде зейнетақы жинағын алу үшін 46 мың адам өтініш берген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Соңғы үш күнде зейнетақы жинағын алу үшін enpf-otbasy.кz платформасы арқылы 46 мың адам өтініш берген. Бұл - рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ-ның" баспасөз қызметі.

Банктің мәліметінше, 3 желтоқсанның өзінде біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген 16 000 қазақстандықтан өтініш түскен.

"Бұл - жыл басынан бері яғни біржолғы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап жолданған өтініштер көлемі бойынша, рекордтық көрсеткіш. Қалыпты күндері платформа арқылы 2 200-ге жуық өтініш қабылданады", - дейді банк өкілдері.

Осы орайда қаржы ұйымы артқан сұранысқа қарамастан, портал еш кідіріссіз, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

"Желтоқсан айының соңына дейін портал көмегімен әр жас бойынша 2021 жылғы белгіленген жеткіліктілік шегі көрсеткіштері бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдануға болады. Қордағы қаражат "Отбасы банкіндегі" арнайы ағымдағы шотқа аударылғаннан кейін, оларды қолдануға 45 жұмыс күні беріледі. Осы уақыт аралығында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану мақсатын таңдап/растап немесе өзгертіп үлгеруге болады", - деп қосты банк өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945547-rekordtyq-korsetkis-songy-us-kunde-zeinetaqy-zinagyn-alu-usin-46-myn-adam-otinis-bergen/

pixel