Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киноға түсуге қызықпаймын": "Қазақ аруы" атанған 21 жастағы бойжеткен нені армандайтынын айтты

Опубликовано:

Аружан Аманжолова
Аружан Аманжолова. Фото: instagram.com/aruzhan.amanzhollova

"Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы атанған ақтөбелік Аружан Аманжолова KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат беріп, шоу бизнес пен киноға түсуге қызықпайтынын айтты. Сөзінше, бойжеткен танымал тележүргізуші болғысы келеді.

"Алдымда не болатынын нақты айта алмаймын. Менің негізгі мамандығым – журналист. Болашақта өзімді телевидение саласында тележүргізуші ретінде көргім келеді. Арманым – эфир тізгінін қолыма алу", - дейді Аружан.

Ақтөбелік ару әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін биыл бітірген. Бүгінде ол "Aqtobe" телеарнасында "Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасын жүргізеді.

Осы ретте, бойжеткен "үлкен қалада қалу туралы ұсыныс түссе қабылдайсыз ба?" деген сауалға:

"Ол ұсыныс қандай болады, соған байланысты. Байқау кеше ғана өтті. Бәрі алда. Ақтөбеге қайтып, жұмысымды жалғастырамын. Әзірге "киноға түскім келеді" деген арманым жоқ. Байқауда жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Баян Мақсатқызы салған "Қазақ аруы" байқауының кастингін көріп, бағымды сынағым келді. Студент кезімде университетте өткен сұлулық байқауының да жеңімпазы болдым", - дейді ол.

Айта кетейік, Аружан Аманжолова қазір Ақтөбе қаласында ата-анасымен тұрады. Үш ағайынды, үйінің үлкені. "Қазақ аруының" журналистикадан бөлек, би өнеріне қызығушылығы жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946122-kinoga-tusuge-qyzyqpaimyn-qazaq-aruy-atangan-21-zastagy-boizetken-asqaq-armanyn-aitty/

pixel