Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тергеуге кірген ер адам көз жұмды: Қала әкімі түсініктеме берді

Опубликовано:

Абақты
Фото: Sputnik / Владимир Песня

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов полиция департаменті ғимаратында жауап алу кезінде көз жұмған ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, 8 желтоқсанда Шымкент полиция департаментінің ғимаратында 1990 жылғы ер адам тергеу кезінде көз жұмған.

Ол автокөлік айдап әкетті деген күдікпен жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілделі Шымкент әкімінен оқиғаның мән-жайы туралы сұрады.

Мұрат Әйтенов бұндай жағдайдың болғанын растады.

"Өкінішке қарай, осындай факті тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігі арнайы комиссия жіберді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бүгін мәйітті сойып тексереді. Оның өліміне не себеп болғаны тек соның және тергеу қорытындысы бойынша анықталады", - деді үшінші мегаполистің басшысы

Оның сөзінше, тергеуге жеткізілген адам жауап алу кезінде өзін нашар сезінген. Қызметкерлер бірден жедел жәрдем шақырған, алайда ол дәрігерлер келгенше көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1946132-symkentte-tergeuge-kirgen-er-adam-koz-zumdy-qala-akimi-tusinikteme-berdi/

pixel