jitsu gif

Маңғыстауда сирек кездесетін жыртқыштар камераға түсіп қалды (фото)

Қарақал
Қарақал. Фото: lada.kz

Маңғыстаудағы "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағында жыртқыш мысықтар камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Lada.kz.

Қорық аумағында жүргізілген рейд жұмыстары кезінде сирек кездесетін жыртқыштар – қарақал және дала мысығы камераға түскен.

Облыстық аумақтық инспекция қызметкерлерінің айтуынша, қарақал түркі тілінен аударғанда "қара құлақ" дегенді білдіреді.

"Бұл мысық тұқымдасының жыртқыш сүтқоректісі. Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусіндер тобына жатқызылды, себебі оның сыртқы түр-әлпеті қатты ұқсайды, алайда бірқатар генетикалық ерекшеліктерге байланысты ол жеке тұқымдасқа жатқызылатын болды. Шөл далада мекендейді. ТМД аумағында оның саны аз, "Қызыл кітапқа" енген", – дейді мамандар.

Қарақал
Қарақал. Фото: lada.kz

Біздің елде қарақал Каспий теңізінің жағалауында кездеседі. Маңғыстау облысында қарақалдың шамамен 300-400 басы бар.

Негізінен қарақалды түнде байқауға болады, алайда қыс және көктем айларында оны күндіз де байқауға болады. Облыстық аумақтық инспекцияның мәліметінше, камера таспасына ілінген тағы бір жыртқыш - дала мысығы.

Ол да мысық тұқымдасына жатады әрі ұсақ мысықтар тобының жыртқыш өкілі болып табылады. Дала мысығы ел аумағында кең таралған және "Қызыл кітапқа" енбеген.

Дала мысығы
Дала мысығы. Фото: lada.kz

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.