jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Алтын Орда" базарына апаратын метро желісі нақты қай жермен өтеді: Әкімдік түсіндіріп берді

Метро
Фото: metroalmaty.kz

Бұған дейін Алматыдағы метроның "Алтын Орда" базарына дейін созылатыны хабарланған еді. Осы орайда тұрғындарды метро желісінің нақты қай жермен өтетіні қызықтырған. Бұл сұраққа тиісті басқарма жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Алтын Орда базарының маңында тұратын тұрғындарды метро желісінің қай жермен өтетіні қызықтырады. Біз осы ауданда тұратындықтан, кез келген өзгерістерге бей-жай қарай алмаймыз. Қазірдің өзінде базар аумағында бос жердің аз екеніне назар аударсақ, метро желісі қай жерден өтетінін білгім келеді. Себебі, төменгі бөліктің аумағында жеке үйлер бар. Бос учаскелер тек Райымбек тасжолының бойында ғана", - дейді мегаполис тұрғыны Тимур Гимадиев.

Тұрғынның сауалына Алматы қаласының мобильділік басқармасы жауап қатты.

Мекеменің мәліметінше, батыс бағыттағы жолды Абай даңғылы бойымен одан әрі Алатау даңғылының бойымен Райымбек даңғылына дейін ұзарту қарастырылған.

"Үшінші метрополитен кешенінің түзетілген трассасы бойында "Қалқаман" бекеті орналасады деп жоспарланып отыр. Аталмыш бекет Абай даңғылының солтүстік жағында, Әшімов көшесінің қиылысында болмақ.

Бірінші бекет Алатау көшесінің бойында Наурызбай әкімдігінен солтүстікке қарай орналасады деп жоспарлануда.

Екінші бекет Алатау көшесінің бойымен Төле би көшесінің қиылысында орналасады.

Үшінші бекет "Барлық" базарының аумағында, Райымбек даңғылының оңтүстік жағында, жол бойында орналасады", - дейді мобильділік басқармасынан.

Сонымен қатар, мекеме болашақ станциялардың нақты орналасуы, сатып алынатын жер телімдерінің саны барлау жұмыстары аяқталып, техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленгеннен кейін анықталмақ.

"Алтын Орда" базарына апаратын метро желісі нақты қай жермен өтеді: Әкімдік түсіндіріп берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.