Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

150 мың адамға тиімді: Алматыдағы метро Алтын Ордаға дейін созылмақ

Опубликовано:

Метро
Фото: Zakon.kz

Алматыда метро Алтын Орда базарына дейін созылады. Бұл туралы бүгінгі брифингте қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім орынбасарының сөзінше, енді метрополитен желісі Қалқаман арқылы өтеді. Ол Наурызбай ауданы арқылы Алтау көшесімен төмен түседі.

"Екі бекет соғылады. Екінші бекет Алтын Орда базарында орналасады. Біз қаланың батыс бөлігін орталықпен қосамыз. Бұл шамамен 150 мың адамға тиімді болады",- деді ол.

Айта кетейік, әкім орынбасары брифинг барысында жаңа жылдан кейін Алматыда қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін екенін де хабарлады.

"Тариф 80 теңге - бұл төмен тариф. Нақты тариф екі есеге жоғары. Жаңа жылдан кейін тарифтерді қаншалықты өзгерте алатынымызды қарастыруымыз мүмкін. Бұл мәселе өзекті болып отыр.

Бірақ кәсіпорындар мен тасымалдаушылар бағаны көтеруге дайын, өйткені бұл басты кіріс көзі. Дегенмен біз халықтың төлеу қабілетіне де қарап отырмыз. Бүгінде жолақыны қымбаттату мәселесі көтеріліп отыр, оның қаншаға өсетінін мен әзірге айта алмаймын", - деді Құсайынов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943923-150-myn-adamga-tiimdi-almatydagy-metro-altyn-ordaga-deiin-sozylmaq/

pixel