Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында аязды күні ағаш отырғызғандардың әрекеті түсінбестік туғызды

Опубликовано:

Ағаш
Видеодан кадр: NUR.KZ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы мектеп ауласына салтанатты түрде 30 түп ағаш егілді. Алайда ауыл тұрғындары қыстың күні қырауда тал отырғызғандардың әрекетін түсінбей дал, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Далада 15 градус аяз. Аязды күні су құйған тал өсе ме? Обал", - дейді ауыл тұрғыны.

Мән-жайды Шалқар ауданының әкімі түсіндірді. Айтуынша, ағаш егу жұмыстары тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған, дегенмен бұл шараға әкімдіктің қатысы жоқ.

"Қоғамдық бірлестіктер мен мектептің бірлескен шарасы. Олар орман шаруашылығымен келісіп, ұйықтап жатқан ағашты алған. Отырғызғаннан кейін бірінші дымқыл берілу керек қой. Қыста ағаш суармайды деген қайдан шыққан, мен оны түсінбедім. Мен суарған дұрыс деп ойлаймын. Алма ағаштарын қыста суарып, қатырып тастау керек. Бірақ бұл егілгендер алма ағашы емес, атын білмедім. Мектептің ауласына 30 жылдыққа деп 30 түп ағаш сыйлыққа берілген. Ешкімнің ақшасы шыққан жоқ", - дейді Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов.

Ал орман шаруашылығының мамандары әкімнің пікірімен келіспейді. Айтуынша, аязда суарған ағаш қатып, тамыры жарылып кетуі мүмкін.

"Күн салқындағанда тек қылқан жапырақты ағаштар ғана егіледі. Мүмкіндік болса, екпеген жақсы. Жалпы көктемде еккен дұрыс. Өсіп кетуі жақсы болады. Салқында еккен ағашты суармайды. Тоң қатып жатыр, өз ылғалы бар, қар бар. Ертең мұз болғанда тамырын жарып жібереді", - дейді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ғабит Қылышбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947063-aqtobe-oblysynda-ayazdy-kuni-agas-otyrgyzgandardyn-areketi-tusinbestik-tugyzdy/

pixel