Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір өңірінде карантин шектеулері 30 желтоқсанға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 30 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты.

Құжатта Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларының 30 желтоқсанға дейін ұзартылатыны жазылған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Карантин мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 13,7%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,8.

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947227-elimizdin-bir-onirinde-karantin-sekteuleri-30-zeltoqsanga-deiin-uzartyldy/

pixel