Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласында Тәуелсіздікдің 30 жылдық мерекесі кеңінен тойлануда

Опубликовано:

Орал қаласында Тәуелсіздікдің 30 жылдық мерекесі кеңінен тойлануда
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Тәуелсіздік мейрамына орай қалада салтанатты жиындар өткізіліп, мерекелік концерттер қойылды. Жаңа нысандар пайдалануға берілді.

Айтулы мереке күні қаланың қос ауданында заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңдары пайдалануға берілді. Тұрғындар игілігіне ұсынылған алаңдарда кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен спорттық алаң бар. Жалпы биыл қалада барлығы осындай 20 жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынды.

Орал қаласында Тәуелсіздікдің 30 жылдық мерекесі кеңінен тойлануда
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Орал қаласының Зашаған кентінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында №5 отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Мұнда физиотерапия, гинекология, лаборатория кабинеттері мен дәріхана жұмыс жасайды. Алдағы уақытта күндізгі ем қабылдау және екпе кабинеттері ашылады. Емхана 12 мың тұрғынға қолайлы қызмет көрсетуге дайын.

"Ел президенті өз жолдауларында айтып өткендей, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру — мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда Зашаған кентінде 70 мыңға жуық халық тұрады. Тиісінше, емханаға түсетін жүктеме көп. Басты мақсатымыз – осы аумақта тұратын тұрғындарымызға сапалы медициналық қызмет көрсетуге жағдай жасау және оны қолжетімді деңгейге жеткізу" ,– деді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков орталықтың ашылу рәсімінде.
Автобустардың іші
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Автобустар
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Сонымен қатар қастерлі Тәуелсіздік мерекесіне орай Оралда жаңа автобустар пайдалануға берілді. Қала ішінде қатынайтын 5-ші және 43-ші бағыттағы автобустардың қатары толығып, орта және үлкен классты 25 қоғамдық көлік қолданысқа берілді. Жолаушыларға лайықталған жаңа қоғамдық көлікте автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған. Сондай-ақ желдеткіш, арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған пандус, LED-экран және бейнебақылау құрылғысымен жасақталған. 

16 желтоқсан күні Оралдағы орталық Абай алаңында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған концерттік бағдарлама қойылып, оған облыстың белгілі өнерпаздары қатысты. Мереке кешкісін отшашуға ұласты.

Орал қаласында Тәуелсіздікдің 30 жылдық мерекесі кеңінен тойлануда
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Сондай-ақ осы күндері тәуелсіздікке, Желтоқсан оқиғасына арналған тақырыптық кештер, театрландырылған қойылымдар, кітап көрмелері, мәдени-спорттық шаралар өткізілуде.

Орал қаласында Тәуелсіздікдің 30 жылдық мерекесі кеңінен тойлануда
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947261-oral-qalasynda-tauelsizdikdin-30-zyldyq-merekesi-keninen-toilanuda/

pixel