jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Көпшілік атымның мағынасын жиі сұрайды": Ерекше есімді түркістандық жігіт ел алдында сұхбат берді

Тәуелсіз Баженов
Тәуелсіз Баженов: скриншот "Алматы" арнасынан

Түркістандық азамат Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жиырма жасын атап өтті. Есімі ерекше Тәуелсіз Баженов "Алматы" арнасында қонақта болған.

"Тәуелсіз деп атымды әкемнің нағашысы қойған. Мен бес қыздан кейін дүниеге келген жалғыз ұлмын. 16 желтоқсан күні туғандықтан, нағашым осы есімді қойғанды жөн көріпті", – дейді ерекше есімді жігіт.

Тәуелсіз Баженов сирек кездесетін есімге қызығушылық танытатындардың аз емес екенін айтады.

"Есімімнің қандай екенін кездейсоқ естіп қалғандар қандай мағына білдіретінін, не себепті мұндай ат қойылғанын сұрап жатады. Көбіне елде өте сирек кездесетін есім деп айтады", – деді ол.

Құқықтану мамандығында білім алып жатқан Тәуелсіздің мақсаты – әскери билет алып, заңгер мамандығы бойынша жұмыс істеу.

Айта кетейік, елімізде Қазақстан есімді 35, Егемен атты 6, Тәуелсіздік есімді 1 азамат бар екен.

"Көпшілік атымның мағынасын жиі сұрайды": Ерекше есімді түркістандық жігіт ел алдында сұхбат берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.