Алматыда бас шыршаның шамы жағылды (фото)
Жарияланған күні:
Алматыда бас шыршаның шамы жағылды. Салтанатты рәсім ҚБТУ ғимаратының жанында өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мерекелік шараға Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен отандық эстрада жұлдыздары қатысты.
Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен, жаңажылдық ойыншықтармен безендірілген.
Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңажылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді.
Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар.
21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен "Жаңажылдық керуен" ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді. Декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі қала тұрғындарының көңілінен шығатыны анық.
30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.
Сонымен қатар, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға және омикрон штаммының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын – маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет екенін еске салады.
Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендерді қайта вакциналау қажет. Вакцинация пунктілері жұмысын жалғастырып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947617-almatyda-bas-syrsanyn-samdary-zagyldy-foto/