Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов қазақ тілі мен әдебиетінің маңыздылығы туралы айтты

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Бүгін маңызды мәселені көтеріп отырмыз. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің берілу сапасы, оларды оқыту мәселелерін ашық талқылаймыз. Бүгін пленарлы отырыста түйіткілді проблемалар көтерілді. Әрине, осы мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын іздемесек, әрі қарай дамымайтынымыз белгілі. Бізде пән көп. Математика да, физика да, химия да, ағылшын тілі де, дене шынықтыру да маңызды. Бірақ біз съездің алғашқы жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінен бастап отырмыз. Неге? Өйткені бұл пән біз үшін аса маңызды. Сол себепті мұндай съездер басқа да пәндер бойынша ұйымдастырылады", - деді министр.

Асхат Аймағамбетов бүгінгі кездесуге тек мұғалімдер ғана емес, сонымен бірге тіл білімі институты, өнер және әдебиет институты мамандары қатысып отырғанын жеткізді.

"Ауруын жасырған өледі" дейді. Сондықтан проблемалардың барын білеміз. Ол бойынша тиісті шешімдерді қабылдадық. Бүгінгі жиналыста қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқулықтар, оқу бағдарламасы және мамандарды университетте дайындау мәселелерін көтеруге болады. Одан бөлек, әдістеме, біліктілік курстары мәселелері де бар", - деді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас" атты республикалық съез өтіп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947795-aimagambetov-qazaq-tili-men-adebietinin-manyzdylygy-turaly-aitty/

pixel