Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде бейімдеу орталығынан 15 жасар жасөспірім қашып кеткен

Опубликовано:

Полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өскемен қаласында бейімдеу орталығынан қашып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, "102" жедел арнасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі қоңырау шалған.

41 жастағы әйел өз сөзінде орталықтағы тәрбиеленушінің белгісіз жаққа қашып кеткенін жеткізген.

Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы келіп жетті.

"Басқарманың барлық қызметкерлері 15 жастағы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылған. Соның нәтижесінде жарты сағаттың ішінде тәрбиеленушінің қайда екені анықталды. Баланың айтуынша, ол ата-анасының үйіне барғысы келгендіктен бейімдеу орталығынан кетіп қалған", - деді қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі жедел әрекет еткен тәртіп сақшыларына алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947835-oskemende-beiimdeu-ortalygynan-15-zasar-zasospirim-qasyp-ketken/