jitsu gif

Алматылықтар Жаңа жылды қарсыз қарсы алады

Жаңа жыл
Көрнекі фото: Pexels

Алматы тұрғындары Жаңа жыл мерекесін қарсыз қарсы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 26 желтоқсан күні қалаға ылғал қар түседі.

"31 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -5 градус аяз, күндіз 5 градус жылы болады", - дейді метеорологтар.

Синоптиктердің мәліметінше, желтоқсанда айында осылайша күннің жылы болуы осыдан 10 жыл бұрын яғни 2011 жылы тіркелген.

Метеорологтардың болжамынша, жағдай 2022 жылдың қаңтарында өзгереді, нормадан артық жауын-шашын түсуі мүмкін.

"Қаңтарда жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде - 33 мм болады деп болжанып отыр. Жаңа жылдың бірінші айында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады", - дейді синпотиктер.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 25-27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Алматылықтар Жаңа жылды қарсыз қарсы алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.