Көктайғақ, дауыл, қар: 2021 жылдың соңғы дүйсенбісінде елімізде қандай ауа райы күтіледі

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер ертең, 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның көп бөлігінде биылғы жылдың соңғы дүйсенбісінде қар жауып, дауыл тұруы ықтимал, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ертең еліміздің батыс бөлігінде жауын-шашын жауып, солтүстігі, шығысы мен таулы өңірлерде жел күшейеді. Одан бөлек, елдің оңтүстік шығысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 27 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Күндіз 27 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда 27 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с, жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 25, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысының орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Нұр-Сұлтанда күндіз оңтүстіктен жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында 27 желтоқсанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі.

27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948597-koktaigaq-dauyl-qar-2021-zyldyn-songy-duisenbisinde-elimizde-qandai-aua-raiy-kutiledi/