Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңажылдық шырша мен безендіруге 224 млн теңге бөлінді: Әкімдік түсініктеме берді

Опубликовано:

Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты бюджет бекітілген шекте қысқартылды. Сондықтан екінші жыл қатарынан қаланы мерекелік безендіруге, сондай-ақ мәдени іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығындар қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімідіктің мәліметінше, биыл негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциясымен күресуге бағытталды.

Осыған байланысты мегаполистегі жаңажылдық безендіру қарапайым болды.

"Дәстүрлі түрде қаланың бас шыршасы ҚБТУ маңындағы "Астана" алаңында орнатылады. Сонымен қатар, инсталляциялар қаланың 8 ауданында – орталық көшелерде, аудан әкімдіктерінің маңында, жаяу жүргіншілер аймақтарында орнатылды. Тұңғыш президент саябағы, Республика сарайы мен цирк алдындағы алаң, Панфилов көшесі мен Сауранбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы, "Алматы Арена", "Халық Арена" спорт кешендері, Ғабит Мүсірепов және Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының маңы мерекеге сай безендірілді",- деп хабарлады әкімдіктен.

Қаланың барлық ауданында шырша мен фотоаймақтар орнатылды. Сондай-ақ, өткен жылғы шағын сәулет нысандары қолданылады.

"Алматыда жаңа жылдық безендіруге бөлінген 224 000 000 теңгені тендер арқылы "Clover Media Group" компаниясы жеңіп алды. Бұл сомаға көшелерді жаңа жылдық безендіру мен орнату және демонтаж ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар кіреді. Қосымша құн салығын қоса алғанда – 24 млн теңгеден астам",- делінген хабарламада.

Келісім шарт аясында шыршалар, шағын архитектуралық пішіндер, фотоаймақтар орнатылды. Қала көшелеріне барлығы 100-ден астам нысан дайындалып, орнатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949213-almatyda-zanazyldyq-syrsa-men-bezendiruge-224-mln-tenge-bolindi-akimdik-tusinikteme-berdi/

pixel