Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мобильдік операторлар Алматыда интернеттің өшуіне қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

телефон
Көрнекі фото: Gettty Images/ ISSOUF SANOGO / Contributor

Еліміздегі екі ірі ұялы оператор наразылық шеруі басталған соң, Алматыда интернеттің өшуіне қатысты түсініктеме берді.

Sputnik Казахстан басылымының мәліметінше, Kcell ұялы байланысының өкілдері Алматыдағы байланысқа қатысты ақауларға қоғамдық қауіпсіздік пен террористік іс-әрекеттерге қарсы құзырлы органдар жауапты деп мәлімдеді. Ұялы интернетке қатысты ақаулар Қазақстанның басқа да ірі қалаларында байқалуда.

Алматыда желі қолданушылары интернет-мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің жұмыс істемей тұрғанын айтуда.

"Қазақстан Республикасының Байланыс туралы Заңының 41-1 бабы 1-2 тармағына сай, Қазақстан Республикасының құзырлы органдары антитеррорлық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін желілердің жұмысын және байланыс қызметін көрсетуді тоқтату шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Kcell.

Өз кезегінде желіге қолжетімділіктің шектелгені туралы сауалға Beeline Twitter-аккаунтында мобильді интернеттің жұмысындағы ақаулар "компанияға тәуелді емес себептерге" байланысты деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949769-mobildik-operatorlar-almatyda-internettin-osuine-qatysty-tusinikteme-berdi/

pixel