Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазтелерадио" теледидарға қалай интернетсіз қосылуға болатынын айтып берді

Опубликовано:

Теледидар пульті
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазтелерадио" бұрын интернетпен ғана жұмыс істеген теледидарларды қазір қалай қосуға болатынын айтты.

Телеарналарды тамашалау үшін ел арасында "рогатка" деп аталып кеткен децимертлік антеннаны қолдану керек. Бұл кеңесті Хабар 24 арнасы ұсынды.

Егер сіздің теледидар 2012 жылға дейінгі уақытта шығарылған болса, онда антеннадан бөлек цифрлік-эфирлік қабылдағыш та болуы тиіс. 

"Қазтелерадио" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары Дальмира Шигаеваның сөзінше, бұл амалдар нәтиже беруі үшін тұрып жатқан аумағыңызда аналогтыө телевизия болған жағдайда ғана жұмыс істейді.

"Сандық телевизияға ауыспаған кейбір облыстарда аналогтық телевизия жұмыс істейді. Бұл – Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары", - деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950170-kazteleradio-teledidarga-qalai-internetsiz-qosyluga-bolatynyn-aityp-berdi/

pixel