Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыста жүрген қазақстандық туристер Нұр-Сұлтан арқылы елімізге жеткізілмек

Опубликовано:

әуежай19
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жаңажылдық демалысқа шетелге кеткен туристерді Қазақстанға жеткізу жұмыстары елорда әуежайы арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство БАӘ, Шри-Ланка, Таиланд, Мальдив аралдары және Гоаға кеткен туристерді елге жеткізу жұмыстары мүмкіндігінше тездетілетінін мәлімдеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Камалиев кеңейтілген кеңесте шет елдерге демалысқа кетіп, әуежайлар жұмысының тұрақсыздығына байланысты елге оралуы қиындаған қазақстандықтарды эвакуациялау кестесін тез арада әзірлеуді тапсырды.

Одан бөлек, кеңес барысында рейстерді ұйымдастыруға тартылған барлық қатысушылардың өзара іс-қимылының егжей-тегжейі пысықталды.

Сонымен қатар, "ҚТЖ ҰК" АҚ басшылығына пойыздарды жасақтау кезінде жолаушыларды қайтару кестесін ескеру және оларға барынша көмек көрсету тапсырылды.

Айта кетейік, жиында азаматтық авиация комитетінің, мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің, әуе компанияларының, әуежайлардың, "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының басшылығы бой көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950313-demalysta-zurgen-qazaqstandyq-turister-nur-sultan-arqyly-elimizge-zetkizilmek/

pixel