Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы жаппай тәртіпсіздік: 430 адам ұсталды

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Алматы облысында құқық қорғау саласының мамандары 60-қа жуық атыс қаруын тәркіледі. Қазіргі уақытта аумақта блокбекеттер жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

10 қаңтардағы жағдай бойынша, Алматы облысында тәртіпсіздікке, бүлікке, тонаушылыққа қатысы бар деген күдікпен 431 адам ұсталған.

"Жалпы Талдықорғандағы жағдай тұрақты және бақылауға алынған. Осы күндері полиция бөлімдеріне 430-дан астам адам жеткізілген. Олардың әрқайсысының жаппай тәртіпсіздікке, бүлікке, тонаушылыққа қатысы бар-жоғы тексерілмек
Қолға түскендердің 20-сынан 58 қару тәркіленді. Олардың қатарында тапанша, автомат, шолақ мылтық және тағы сол сияқтылар бар. Талдықорғанда 35 автопатруль қадағалап жүр және 20 блокбекет жұмыс істеуде", - деді Алматы облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарды төтенше жағдай режимімінің талаптарын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, кеше, 9 қаңтарда Талдықорғанда тергеу изоляторына қарулы шабуыл кезінде қаза тапқан Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкері, әділет прапорщигі Ербол Ержановты ақтық сапарға шығарып салды.

Ербол Ержановтың артында әкесі, әйелі және екі баласы қалды.

Марқұмның ұлы Әскери институттың курсанты. Ол елдегі жағдайға байланысты білім ошағында болғандықтан әкесінің жерлеуіне келе алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950330-almaty-oblysyndagy-zappai-tartipsizdik-430-adam-ustalgan/

pixel