Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Алматы облысындағы арнайы операция: ҰҚК мән-жайды айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: ҰҚК ресми сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 қаңтарда Алматы қаласы және Алматы облысында өткізілген арнайы операцияның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, арнайы операция кезінде ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері 675 күдіктіні ұстаған.

Жеке бастарын тексеру және автокөліктер мен үй-жайларды тінту барысында демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция) және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және т.б.) табылған.

"Барлық азаматтарды құқық қорғау және арнайы органдарға құқықтық тәртіпті тұрақтандыру мен қалпына келтіруде көмек көрсетуге шақырамыз", - деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҰҚК Алматы аумағында болған тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан екі экстремистік топ құрықталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950363-almaty-men-almaty-oblysyndagy-arnaiy-operaciya-uqk-man-zaidy-aitty/

pixel