Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі төтенше жағдай режимі 24 қаңтарға дейін ұзартылды деген жалған ақпарат тарап жатыр

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Telegram мессенджерінде қолданушылар елдегі төтенше жағдай режимі 24 қаңтарға дейін ұзартылды деп жазуда. Алайда бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды StopFake.kz.

Сайттың мәліметінше, төтенше жағдай режимін ұзарту туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

"Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін енгізілді", – деп хабарлады Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін елдегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанның барлық өңірінде 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілген болатын.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950365-eldegi-totense-zagdai-rezimi-24-qantarga-deiin-uzartyldy-degen-zalgan-aqparat-tarap-zatyr/

pixel