Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 48 адам ауруханада жатыр

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде жалпы 120 адам медициналық көмекке жүгінген. Қазір олардың 48-і ауруханада жатыр. Оның бесеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың сөзінше, қазір Шымкент қаласындағы ауруханаларда ем қабылдап жатқандардың дені оқ, пышақ жарақатын алған және соққы кезінде зардап шеккен.

Соларды бірі - оң иығына оқ тиіп, ауыр жарақат алған 21 жастағы сарбаз Самандар Бақтиярұлы. Дәрігерлер оған жедел операция жасап, сынған қолын таңып берген.

Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жас жігіт Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет етеді.

"Сағат екілердің шамасында иығыма оқ тиді. Ауруханаға жергілікті қызметкерлер алып келді. Сол ғана есімде", - дейді ол.

Қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде медициналық қызметкерлердің өзі де соққыға жығылған. Жеті жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасалып, екі дәрігер жарақат алған. Бүгінде олардың денсаулығы жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950371-symkentte-tartipsizdik-kezinde-zardap-sekken-48-adam-auruxanada-zatyr/