Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ұсталғандардан психотроптық заттар мен қару табылды

Опубликовано:

Фото
Тәркіленген қару. Фото: ІІМ ресми сайты

Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиев полиция қызметкерлері бақылау-өткізу бекетінде қалаға суық қару әкелмек болған адамдарды ұстағанын айтты, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты.

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтар күні Атырау қаласына кіреберіс тұстағы блок-бекеттен 10-ға жуық аңшы пышағын өткізбек болған көлік анықталған.

Сондай-ақ, Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында әсері жоғары психотропты дәрілерді өткізбек болған төрт тұрғынды ұстаған.

"Оларды ұстау кезінде екі тапанша мен 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты дәрілер тәркіленді. Полиция тергеу амалдарын бастап кетті", - дейді құзырлы орган.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысында ҰҚК, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері арнайы операция кезінде 675 күдіктіні ұстаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950385-atyrauda-ustalgandardan-psixotroptyq-zattar-men-qaru-tabyldy/

pixel