Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы комендатурасы қаланың қай аудандары бандиттерден тазарғанын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы бүгінгі күні мегаполистегі ахуал қандай екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

11 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы;
  • "Өжет" ықшамауданы;
  • Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілген.

"Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 237 қатысушысы ұсталды. 31 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блок-бекеттерде 38 адам ұсталды.

"102" басқару пультіне небәрі 608 хабарлама түсті. Комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсті. Барлық хабарламалар өңделді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 10 қаңтардан бастап қоғамдық көлік жүре бастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950388-almaty-komendaturasy-qalanyn-qai-audandary-banditterden-tazarganyn-aitty/

pixel