RU

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 9900 адам ұсталды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі елдегі жаппай тәртіпсіздіктерден соң 9900 адам ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы төтенше жағдай кезінде Қазақстандағы антитеррористік операция туралы ресми ақпарат жариялайтын Coronavirus2020.kz Telegram каналы хабарлады.

Сондай-ақ, ІІМ-нің мәліметінше, Тараз қаласында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметкерлерідің қатысуымен іс-шара кезінде Макарова тапаншасын (1 дана) және патроны жоқ магазин, 1 оқ өтпейтін бронежилет, "ТОЗ 35" пневматикалық тапаншасын тәркілеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҰҚК 8 қаңтарда Алматы қаласы және Алматы облысындағы арнайы операция кезінде Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерінен құралған күштері 675 күдіктіні ұстағанын хабарлаған еді.

Жеке бастарын тексеру және автокөліктер мен үй-жайларды тінту барысында демонстранттардың полициядан тартып алған қару-жарақтар, оқ-дәрілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалған құжаттары, өлімге әкеп соқтырмайтын құралдар (жарық-дыбыстық гранаталар, шлемдер, қалқандар, амуниция) және тоналған мүліктер (тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар, киім және т.б.) табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950413-qazaqstandagy-zappai-tartipsizdikterden-keiin-9900-adam-ustaldy/