Алматыда бүгіннен бастап тамақтану орындары, базарлар мен сауда орталықтарының жұмысы қайта жанданады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыдағы сауда орталықтарының жұмысы 11 қаңтардан бастап қайта жанданады. Сонымен бірге, бүгіннен бастап 450 қоғамдық тамақтану орны мен қалалық базарлар ашылады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, қазіргі таңда қалада 117 супермаркет жұмыс істеп тұр. 31 супермаркет қаладағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен. Олар 19 қаңтарда ашылады деген жоспар бар.

Қаладағы 52 базардың 10-ы ашық болған. Қалғаны бүгіннен бастап өз жұмысын қайта жандандыратын болады. Базарлардың ешқайсысына зақым келмеген.

"Қазір қалада 121 жанар-жағармай бекеті ашық. Бұл нысандардың қауіпсіздігі ұдайы қамтамасыз етілуде. Желілік емес 33 және желілік 5 бекетті ашуды жоспарлап отырмыз. Бір жанармай құю бекеті өртеніп кеткен, 15-і қатты зақымданған", - дейді әкім орынбасары.

11 қаңтардан бастап 450 қоғамдық тамақтану орнын ашу көзделіп отыр. Өнеркәсіп нысандарына келсек, 120 кәсіпорынның 76-сы қазіргі күні жұмыс істеп тұр. Қалғаны 11-19 қаңтар аралығында іске қосылмақ.

"Бүгін алты сауда-ойын-сауық орталығы жұмысын бастайды. Олардың қатарында "Глобус", "Достық плаза", "Ритц палас", "Спутник", "Гранд парк" бар.

Ертең тағы алтауы ашылуға дайын. 14 СОО қалпына келтіруді қажет етеді. Олар: "Москва", "Азия парк", "Алмалы" ОӘД, "Максима" және т.б.

"Mega парк" осы аптада ашылады. Ал "Esentai Mall" 19 қаңтардан бастап жұмысын жандандырады деп көзделіп отыр", - деп мәлім етті Мақсат Қиқымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950428-almatyda-buginnen-bastap-tamaqtanu-oryndary-bazarlar-men-sauda-ortalyqtarynyn-zumysy-qaita-zandanady/

jitsu gif