Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам көлікте тірідей өртеніп кетті

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орнынан фото: Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Орал-Атырау тас жолында "КамАЗ" жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Тайпақ пен Алмалы ауылдарының арасында, өрт сөндіру бекетінен 18 шақырым жерде мал азығы тиелген тіркемесі бар "КамАЗ" бен Toyota Camry автокөлігі бетпе-бет соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көліктің толықтай өртеніп кеткені белгілі болды.

Сонымен қатар, "КамАЗ" жүк көлігінің кабинасы да жанған.

Құтқарушылар жеңіл көліктен 5 адамның денесі шығарылғанын растады.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951171-bqo-da-zantursigerlik-zol-apatynan-bes-adam-kolikte-tiridei-ortenip-ketti/

pixel