15 қаңтарда еліміздің тағы екі облысында төтенше жағдай режимі алынады
Опубликовано:

Қостанай облысы мен Ақмола облысында енгізілген төтенше жағдай режимі алынады. Президенттің тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес:
- Ақмола облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын;
- Қостанай облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген президент жарлығында.
Еске сала кетсек, бүгін, 14 қаңтарда сағат 18:00-ден бастап Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің 2 мегаполисі мен 12 облысында жағдай тұрақталып, осыған байланысты антитеррористік операциялар аяқталған болатын.
Сондай-ақ, аталмыш өңірлерде террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейі жойылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951261-15-qantarda-elimizdin-tagy-eki-oblysynda-totense-zagdai-rezimi-alynady/