Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Крещение мерекесі кезінде жаппай суға түсуге тыйым салынады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның ірі қалаларында Крещение мерекесі кезінде өткізілетін жаппай шомылу рәсімі болмайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

NUR.KZ тілшісіне елорда әкімдігі баспасөз қызметінің Бас санитарлық дәрігердің карантинді күшейту туралы шешіміне сүйене отырып хабарлауынша, биыл қалада мұздай суға шомылуға тыйым салынды.

Сонымен бірге, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша, оңтүстік астанада да Крещение мерекесінде шомылуға тыйым салынады.

"Ұжымдық жаппай (10 адамнан астам) діни рәсімдерді, оның ішінде мұздай суға шомылу рәсімін өткізуге рұқсат етілмейді", - деді Әбдіжаббарова.

Дегенмен, адамдар жаппай жиналмаған жағдайда жеке-дара шомылуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951554-elimizde-kreshhenie-merekesi-kezinde-zappai-suga-tusuge-tyiym-salynady/

pixel