Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті айлық ұлына дәрі іздеп шыққан": Сағынтаев оққа ұшқан алматылық әйелдің күйеуімен кездесті

Опубликовано:

Жанар Өтегенова 5 қаңтарда оққа ұшты
фото: Almaty.tv

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде төрт баланың анасы Жанар Өтегенова көз жұмды. Марқұмның жолдасы Нұрсұлтан Бүркітбаевтың айтуынша, ол келіншегіне оқ тигенін сезбей қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанар Өтегенованың қазасы туралы ақпаратты көпшілікке журналист Гүлмира Әбіқай жеткізді.

"Алматылық Бүркітбаевтар отбасы бір-ақ күнде қара жамылды. 5 қаңтар күні қызуы көтеріліп мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі, басына оқ тиіп мерт болды. Содан бері 10 күн өтті. Марқұм Жанарды Жамбыл облысына апарып жерлеп қайтты. Бұл өлімнен ресми билік, балалар омбудсмені хабарсыз. Отбасына көңіл айтып келген ешкім жоқ. Кеше отағасының шақыруымен үйлеріне мен бардым. Төрт баланың үлкені 7, екіншісі 4-те, үшіншісі 2 жаста, кішісі енді еңбектеп жүр. Қала шетіндегі жалдамалы времянкада тұрады", - деп хабарлаған болатын журналист.

Осыдан соң, қаладағы жаппай тәртіпсіздік кезінде мерт болған келіншекке журналистің ұйымдастыруымен көпшілік қаражат жинап, 20 миллион теңгенің басы құралды.

Содан соң, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның жолдасы Нұрсұлтан Бүркітбаевты қабылдап, тұрғын үй мәселесін бақылауына алатынын жеткізген.

5 қаңтар күні кешке Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған. Оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді. Лаңкестердің оғы тиген 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туылған төрт баласымен жесір қалды.

"Баспана мәселесі үкімет тарапынан шешілді. Енді 4 баланың нәсібіне жиылған қаржы отағасының қолына табысталады. Қордаланған қарыз, несиеден құтылып, қалғанын Нұрымның атына депозитке құятын болды. Кенеттен анасынан айырылған 8 айлық Нұрым өскенше қай заман...Осылайша, жұма күні марқұмға құран оқытып, үйіне барып көптің сауабын табыстаймыз", - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951984-zeti-ailyq-ulyna-dari-izdep-syqqan-sagyntaev-oqqa-usqan-almatylyq-aieldin-kuieuimen-kezdesti/

pixel