"Су жағасында тұрды": Атырауда із-түзсіз жоғалған 9 жасар балаға қатысты тың дерек шықты
Жарияланған күні:
Атырауда ұшты- күйлі жоғалған 9 жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ықшамаудан тұрғындарының бірі "Ақ Жайық" басылымына жоғалған балаға ұқсас жеткіншекті канал жағасынан көргенін айтты.
Қазір сүңгуірлер Перетаска каналын қарап жатыр. Іздеу жұмыстарына Атырау облыстық ТЖД 17 қызметкері мен 1 ит, 3 техника бірлігі мен 1 катер жұмылдырылған.
Ықшамаудан тұрғындарының бірі канал жағасынан Сайалиге ұқсас баланы көргенін айтқан.
"Кеше кешкі сағат 5-тен кейін мен дәріханаға бара жатып, сұр түсті күртедегі баланы көрдім. Ол су жағасында аяғымен мұзды түртіп тұрды, тексерген сияқты. Мен оған мұздың асты жұқа екенін, ойылып кетуі мүмкін екенін айтып, "шық" деп айқайладым.
Мені түсінді ме, жоқ па, білмеймін. Бірақ, менің кетпегенімді көрген соң қамыстардың арасымен жоғары көтеріле бастады. Менің көңілім орнына түсті де, ары қарай кетіп қалдым. Дүкенге барып, қайтып келгенше жарты сағаттай өткен. Қайтар жолда оны көрмедім", - деді келіншек.
Айта кетейік, Еппили Сайали Ананд Раон кеше, 22 қаңтар күні сағат 3-те Балықшы ықшамауданында інісімен бірге көшеге шыққан. Сағат алты шамасында інісі үйге келіп, ата-анасына ағасы ары қарай кетіп қалғанын айтқан. Бала содан бері үйге оралмаған.
Баланың мекенжайынан хабардар адамдар болса, анасына (+7 778 586 1956) немесе полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласа алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952542-su-zagasynda-turdy-atyrauda-iz-tuzsiz-zogalgan-alty-zasar-balaga-qatysty-tyn-derek-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.