Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 қаңтардан бастап Алматы трагедиясында зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төленбек

Жарияланған күні:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дүйсенбі, 24 қаңтардан бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төлеу басталады. Бұл туралы қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі штаб отырысында мегаполис әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ-тың зардап шеккен 603 қызметкеріне өтемақы төленеді.

Жарақат алғандар:

  • 592 құқық қорғау органдарының қызметкері,
  • төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері,
  • жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері,
  • "Алматы" телеарнасының 1 қызметкері,
  • медициналық ұйымдардың 6 қызметкері.

Алматы әкімінің орынбасары зардап шеккендерге өтемақы үш санат бойынша берілетінін жеткізді. Ауыр дәрежеде - 2 миллион теңге, орташа дәрежеде – 1 миллион теңге, жеңіл түрде – 500 мың теңге көлемінде.

Сонымен қатар 100 мың теңге қаржылай көмек төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған полиция департаментінің 3878 қызметкеріне, төтенше жағдайлар департаментінің 1207 қызметкеріне, қоғамдық денсаулық басқармасының 3888 қызметкеріне, құтқару қызметінің 93 қызметкеріне төленеді.

"Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады", - деді Ілияс Өсеров.

Полиция департаментіне тиісті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін зардап шеккен автокөліктерге төлемдерді қамтамасыз ету үшін шамамен 200 млн теңге мөлшерінде бастапқы сома жіберілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл сома көбейтіледі, деді Алматы әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952632-24-qantardan-bastap-almaty-tragediyasynda-zardap-sekken-zeke-tulgalarga-otemaqy-tolenbek/