Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларға еті жоқ сорпа берген": Талғар балабақшаларының бірінде меңгерушісі мен аспаздары сөгіс алды (видео)

Опубликовано:

Сорпа
Видеодан кадр: Instagram/talgar_akimat

Талғар қаласындағы балабақшалардың бірінде меңгерушісі мен екі аспаз қатаң сөгіс алды. Бұған ата-аналардың "балаларға балабақшада еті жоқ сорпа берілді" деп шағымдануы себеп болған. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мекемедегі тамақ сапасын тексеретін болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Талғар ауданы әкімдігінің желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру аяқталғанға дейін ата-аналардың чатына таңғы, түскі, кешкі ас күнделікті суретке түсіріліп жіберілетін болады.

Онымен қоймай, жасыл статусы бар 2-3 ата-ана комиссия ретінде келіп, тексеріп тұратын болды. Мұндай шара ата-аналар түсіріп алған видеодан соң қолданылып отыр. Түскі ас кезінде балабақшаға келген 12 ата-ана 2-3 тәрелкедегі сорпаны түсіріп, онда еттің жоғын көрсеткен.

Балабақша меңгерушісі сол күні таңертең коронавирусқа қарсы екпе алып, түске жақын денсаулығына байланысты үйіне сұранып кеткен.

Бас аспаздың айтуынша, олар ата-аналар келген күні балаларға біріншіге тауықтың төс етінен манпар пісіріп берген. Бірақ дәл сол камераға түсіп қалған 2-3 тәрелкеге құйылған сорпаға ет ілінбеген.

Аспаздар сорпаға ет салғандарын айтып, ант-су ішіп отыр. Екінші тамақ ретінде сол күні тауық етінен палау әзірлеген. Олардың сөзінше, ата-аналар келген уақытта тамақ әлі отта тұрған, палауды араластырып үлгермегендіктен, еті күріштің астында көрінбей қалған.

Ата-аналардың айқай-шуынан абдыраған аспаздар тамақты ашып көрсетіп үлгермедік дейді.️ Сорпа мен палаудан бөлек ол күні балаларға салат пен нан берілген.

Дегенмен, осы жайттан соң балабақша меңгерушісі мен екі аспаз қатаң сөгіс алды.

Айта кету керек, меңгеруші балабақшаны 10 жылдан бері басқарып келеді. Осы жылдар бойы бір рет те ата-аналардан ескерту алмаған. 20 жылдық тәжірибесі бар педагог болған жайт үшін ата-аналардан кешірім сұрайды.

Бүгінде балабақшада 10 топ бар. Карантинге байланысты бала саны азайған. Тек 116 бала келіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1952869-balalarga-eti-zoq-sorpa-bergen-talgar-balabaqsalarynyn-birinde-mengerusisi-men-aspazdary-sogis-aldy-video/

pixel