Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы тәртіпсіздік кезінде "Йакын Инкар" радикалды ұйымының мүшелері ұсталған

Жарияланған күні:

Алматыдағы тәртіпсіздік.
Алматыдағы тәртіпсіздік. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Хабар" агенттігі "Трагический январь. Как это было" деп аталатын деректі фильмді көрермен назарына ұсынды. Аталған фильмде биылғы жылдың қаңтар айында елімізде орын алған тәртіпсіздіктің толық хронологиясы көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Деректі фильмде ұсынылған деректерге сай, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде "Йакын Инкар" радикалды ұйымының жақтастары ұсталған.

Олардан қару-жарақ, оқ-дәрі, гранаталар, патрондар, діни брошюралар тәркіленген.

Айта кету керек, аталған ұйымға Қазақстанда 2018 жылдан бері тыйым салынған. Бас прокуратура "Йакын Инкар" елімізде тыйым салынған "Таблиги Джамаат"-тың еншілес ұйымы деп түсініктеме берген болатын.

Аталған қозғалыстардың мақсаты - билікті мәжбүрлі түрде құлатып, Конститутиция мен қолданыстағы заңдарға бағынбай, "халифат" құру.

"Трагический январь. Как это было" деректі фильмінен
Кадр: "Трагический январь. Как это было" деректі фильмінен

Sputnik Қазақстан агенттігінің дерегі бойынша, ұйым ізбасарлары әлемде өзге діндердің болуын мойындамайды. Ал бұл Қазақстан заңдарында экстремистік ұстанымдар қатарына жатқызылады.

Айта кетерлік жайт, елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды және экстремистік ұйымдардың мүшелері де қатысқанын бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин де мәлімдеген болатын.

Еске салсақ, елдегі толқулар кезінде кемінде 225 адам қаза тапқан. Олардың 19-ы полицейлер мен әскерилер.

Терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету деректері бойынша 1800-ден астам қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953228-qazaqstandagy-tartipsizdik-kezinde-iakyn-inkar-radikaldy-uiymynyn-museleri-ustaldy/